Қызылорда облысында БҰҰ даму бағдарламасы аясында 5 жоба іске асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында БҰҰ даму бағдарламасы аясында 5 жоба іске асты

22.01.2016
Қызылорда облысында БҰҰ даму бағдарламасы аясында 5 жоба іске асты

Оның ішінде «Қазалы қалалық мәдениет үйіне жылу қазандығын орналастыру» жобасы бар. Құны 1,6 млн теңгені құрайды. «Балалар ойын алаңы» құрылысы, №103 Қ.Пірімов атындағы мектеп жанынан және «Бекарыстан би ауылындағы №24  орта мектеп жанынан жылыжай салу», «Теміржол вокзалы жанындағы Әйтеке би, Жалаңтөс баһадур саябақтарын аяқсумен қамтамасыз ету» жобалары қамтылған.

Жалпы, өткен  жылы  аудан бойынша БҰҰ даму бағдарламасына жалпы құны 44,6 млн болатын 13 жоба ұсынылған болатын. Одан биылғы жылға 5 жоба толық орындалып отыр.

Басқосу барысында БҰҰ Даму бағдарламасының Қызылорда облыстық менеджері Баян Жақсыбекқызы Егизбаева бағдарлама аясында Жергілікті қауымдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған жобалар туралы баяндады. Мұнан соң жиынға қатысушылар №204 мектеп жанындағы Балалар ойын алаңымен танысты.

Хабарламаларға жазылу