Облыс орталығының полиция қызметін үйлестіру және басқару жұмыстарымен шаһар басшысы Болат Бақауов айналысады. Бүгінгі таңда Павлодар қаласының полиция қызметінде 570 тәртіп сақшысы жұмыс істейді.
Жасқайрат Қайыров 1974 жылы туған. Заңгер мамандығы бойынша жоғары білімі бар, 2004 жылы ҚР ІІМ Академиясының заң институтын тәмамдаған. Полиция подполковнигі әскери шені бар.
Еңбек жолын 1994 жылы аудандық ішкі істер бөлімінде патруль-бекеті қызметкерінен бастады. Ішкі істер саласында әр жылдары Павлодар облыстық ІІБ милиция патруль-бекетінде бөлім бастығы, Оңтүстік полиция бөлімі патрульдік учаске бастығы, Павлодар қалалық ІІБ жол-патруль батальоны командирінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2015 жылдың мамыр айында Павлодар ІІБ полициясы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін бұл қызметте еңбек етіп келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.