Байқауға қатысу туралы өтінішер 2015 жылдың 29 желтоқсаны мен 2016 жылдың 29 қаңтары (қоса алғанда) аралығында Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй, 18 қабат, «Балапан» телеарнасында қабылданады.
Бағдарламаның жанрлық бағыты:
№ | Бағдарлама жанры | Бағыты | Ұзақтығы (минут) | Аудиториясы |
1 | Музыкалық | телебағдарлама | 75 минут | 5 жастан жоғары |
2 | Музыкалық-танымдық | телебағдарлама | 20 минут | 5 жастан жоғары |
Тілі: Қазақша
Ұсынылған бағдарламаға қойылатын талап - ҚР аумағында хабар тарату мен телевизия саласына қатысты ҚР заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек.
Қатысушы төменде көрсетілген талаптарға сай болғаны шарт:
Аутсорсинг компанияның телевизия саласындағы жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс (балалар аудиториясымен жұмыс істегендігі де ескеріледі), ұсынылған бағдарламадан басқа да шығармашылық жұмыстары ескеріледі. Қосымша ақпарат: Компания туралы қосымша ақпарат пен жасалған жобалар туралы презентациялық материал ұсынуға болады.
Толығырақ ақпаратты 8 (7172) 55 38 01 телефонына хабарласып немесе balapan@kaztrk.kz электронды мекен-жайы арқылы ала аласыздар.