«Tamasha TV» арнасы телевизиялық жобаларға байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Tamasha TV» арнасы телевизиялық жобаларға байқау жариялайды

28.11.2018
«Tamasha TV» арнасы телевизиялық жобаларға  байқау жариялайды

2018 жылдың 5 қарашасы мен 5 желтоқсан  аралығында «TAMASHA TV» телеарнасы телевизиялық жобалар бойынша өтінімдер қабылдайды.

Бағдарламалар жанры: әзіл, ойын-сауықтық, скетчком, танымдық, интеллектуалдық.

Бағдарламалар бағыты: отансүйгіштік (патриотизм), елдің дамуы, отбасылық құндылықтар, ұрпақтар сабақтастығы, тәлім-тәрбие, рухани құндылықтар.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Қазақ  және орыс тілдерінде синопсис (көлемі 2 парақ, шрифт Times New Roman, көлемі 12, (бағдарлама атауы, ұзақтығы, серия саны, шығу мерзімі, мақсаты мен міндеті, жанры, құрылымы);
  2. Қазақ және орыс тілінде  презентациялар немесе бес минуттық бейнероликтер;
  3. Қатысушы  портфолиосы;
  4. Жұмыс тәжірибесі;
  5. Техникалық жабдықталуы;
  6. Білікті мамандар құрамы.

 

Ұсыныстарды қарау кезінде мұндай контентті өндіру тәжірибесі бар компанияларға басымдық беріледі.

Өтінімдер Астана қ., Қонаев көш., 4, «TAMASHA TV»  телеарнасы (14-қабат) мекенжайы бойынша немесе director@tamashakz.tv электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Қосымша ақпарат: 8 (717)2  75-71-27

Хабарламаларға жазылу