Елбасы Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговпен Парламент сайлауын өткізу мәселесін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговпен Парламент сайлауын өткізу мәселесін талқылады

18.01.2016
Елбасы Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговпен  Парламент сайлауын өткізу мәселесін талқылады

Кездесу барысында кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Мәжіліс депутаттарының үндеуін алғанын, онда аталған бастамаға реформаларды және мемлекет белгілеген дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру қажеттігі негіз болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Парламенттің қос палатасының төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультация өткізгенін айтты.  

И.Рогов Конституцияның 63-бабының 1-тармағына сәйкес, Парламентті немесе Парламент Мәжілісін Қазақстан Президенті Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациядан кейін тарата алатынын айтты.

Сонымен бірге, Конституциялық кеңес төрағасы кезектен тыс сайлау Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкілеттігін мерзімінен бұрын доғарған күннен кейін екі ай ішінде өткізілетініне назар аударды.

И.Рогов Мәжіліске кезектен тыс сайлауды алдағы барлық деңгейдегі мәслихат сайлауымен бір мезгілде өткізу Конституция нормаларына толық сай келетінін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу