Мемлекет басшысына Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу туралы үндеу жолданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысына Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу туралы үндеу жолданды

13.01.2016
Мемлекет басшысына Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу туралы үндеу жолданды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы үндеу жолдады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының  Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының мерзімнен бұрын сайлауын өткізу туралы үндеу мәтінін төменгі палата депутаты Нұрлан Әбдіров жария етті.

«Біз - Мәжілістегі «Нұр Отан», «Ақ жол», Қазақстанның халықтық коммунистік партиясының парламенттік фракцияларының  өкілдері, еліміз үшін ең тағдырлы кезеңде тарихи мәні бар үндеу жариялау үшін жиналып отырмыз. Қазақстан халқына және Елбасына жолдайтын үндеуіміз Ұлт жоспары мен дағдарысқа қарсы шараларды қай партияның жүзеге асыруын айқындайтын халықтың сенім мандатын анықтап алуды көздейді», - деді үндеуді оқыған Н.Әбдіров.

Хабарламаларға жазылу