Australian Open – 2016. Юлия Путинцева даниялық Каролин Возняцкиді ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Australian Open – 2016. Юлия Путинцева даниялық Каролин Возняцкиді ұтты

18.01.2016
Australian Open – 2016. Юлия Путинцева даниялық Каролин Возняцкиді ұтты

Әлемнің 76-ракеткеткасы Юлия Путинцева бірінші айналымда әлем рейтингінде 18-орында тұрған даниялық Каролин Возняцкимен кездесіп, 1:6, 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Екі теннисші бұған дейін бір-бірімен кездеспеген. Юлия Путинцева келесі кезеңде қытайлық Хань Синьюньмен күш сынасады.

Айта кетейік, Юлия Путинцевадан бөлек Австралия Ашық чемпионатына Зарина Диас, Ярослава Шведова және Михаил Кукушкин қатысуда. Олар кортқа ертең шығады.

Хабарламаларға жазылу