Павлодарда 121 шетелдік студент білім алуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 121 шетелдік студент білім алуда

18.01.2016
Павлодарда 121 шетелдік студент білім алуда

Павлодар облыстық Статистика департаментінің мәліметінше, өңірдің жоғары оқу орындарының студенті атанған 44 азамат алыс шетелден білім алуға келген.

Олардың қатарында 20 қытайлық, 15 моңғолиялық, 4 германиялық, 4 кореялық, 1 түркиялық бар. Сонымен қатар, ТМД елдерінен келген 77 студенттің 56-сы – ресейлік.

Павлодардағы жоғары оқу орындарының екеуі – мемлекеттік. Онда 8970 студент оқиды.

Студенттерге 1065 оқытушы мен профессор дәріс береді. Олардың қатарында 329 магистр, 26 – философия докторы (PhD), 87 – ғылым докторы, 465 – ғылым кандидаты, 65 – профессор ғылыми атағы және 276-де доцент білім беруде.

Хабарламаларға жазылу