«Тұран» университетіне -  25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тұран» университетіне -  25 жыл

09.10.2017

Елімізде білім беру сапасы халықаралық деңгейге жетіп шетелден келіп оқитын жастар көбейді. Мәселен, 25 жылдық тарихы бар «Тұран» университетінде  АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай, Ресей және Түркия мемлекеттерінен келген студенттер білім алуда. Жалпы, нарықтық экономикаға өткен елдерде ақылы білім беру тәжірибесі жолға қойылған. Қазір «Тұран» университетінде 10 мыңнан аса тәлімгер оқыса, соның жүзден астамы - шетелдік студент. Оларға әлемнің әр қиырынан келген 1200 ғалым дәріс береді. Ал, ширек ғасырда осы білім ордасынан тәлім алған 30 мыңнан астам білікті маман ел экономикасын дамытуға өз үлестерін қосып жүр.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу