Ауғанстандағы Италия елшілігінде жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстандағы Италия елшілігінде жарылыс болды

18.01.2016
Ауғанстандағы Италия елшілігінде жарылыс болды

Кабулдағы Италия елшілігінде жексенбі кешке, Талибанмен бейбіт келіссөздерді жаңғыртуды талқылауға қатысты кездесуге бірнеше сағат қалғанда зымыран жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, жарылыс салдарынан елшілік күзетшісі жарақат алған.

Жергілікті Afghan Tolo News арнасынан елшілік алдында әскерилер және өрт сөндірушілердің машиналары тұрғаны көрсетілген.

Бүгін Ауғанстан, Пәкістан, АҚШ және Қытай өкілдері Кабулда көтерілісшілердің қақтығысын бейбіт шешу жайындағы келіссөздерін бастайды.

Хабарламаларға жазылу