Өткен жылы елімізде құрылыс саласының өсімі 4,3 пайызды құраған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен жылы елімізде құрылыс саласының өсімі 4,3 пайызды құраған

15.01.2016
Өткен жылы елімізде құрылыс саласының өсімі 4,3 пайызды құраған

Баспана мәселесі шешімін тауып келеді. Тек өткен жылдың өзінде құрылыс саласының өсімі 4,3 пайызды құраған. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы аумағы 2014 жылмен салыстырғанда 18,9 пайызға артып, шамамен 9 млн шаршы метрге жетті.

Қазір барлық аймақта халықты пәтермен қамту мәселесі ретке келуде. Сонымен қатар, көпқабатты үйлердің бой көтеруі Алматы, Қызылорда облыстары мен Астана қаласында біршама жоғары болған.

Хабарламаларға жазылу