2015 жылы бейнебақылау камераларының көмегімен 210-нан астам қылмыс ашылып, 42,7 мың әкімшілік құқық бұзушылық, 17 мыңнан астам ЖҚҚ бұзу жағдайы анықталды.
Қазіргі уақытта елордада Жедел басқару орталығына қосылған 790 астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Сондай-ақ, бейнебақылаумен 395 қиылыс, 63 тұрғын орамы және 126 алаң, гүлбақтар мен саябақтар қамтылған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.