Диярбақыр қаласындағы полиция бөлімшесінің жанында жарылғыш зат орнатылған көлік жарылды, одан соң белгісіз біреулер ғимаратты гранатаметпен атқылаған.
Бұл туралы «Би-Би-Си» сайтының түркиялық өкілдігі хабарлады. Аталмыш агенттік таратқан мәліметтер бойынша, жарылыстың салдарынан анасымен бірге бір нәресте қаза болып, 22 адам жарақат алған, деп жазады tass.ru агенттігі.