ҚХА-ның өкілдері Парламент депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөніндегі бастамасын қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА-ның өкілдері Парламент депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөніндегі бастамасын қолдайды

13.01.2016
ҚХА-ның өкілдері Парламент депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөніндегі бастамасын қолдайды

«Мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын бекіту, азаматтық қағидаты негізінде жаңа қазақстандық бірегейлікті  нығайту және дамыту үшін елдің жоғары заң шығару органының жұмысына жаңа сапа қажет. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша ел Үкіметімен синхронды жұмысты қамтамасыз ету маңызды. Күрделі жағдайда заң үстемдігін қамтамасыз ету, ашық үкіметті қалыптастыру, Қазақстан экономикасының әрі қарай өсуіне жағдай жасау жөніндегі терең реформалардың тиімділігі үшін заң шығару органының мандатын жаңарту –орынды бастама»,-делінген баспасөз хабарламасында.

«Біз Ұлт жоспары, Парламент Мәжілісі депутаттарының жаңа құрамын сайлау – барша халықтың экономикалық және азаматтық белсенділігін арттыру үшін қуатты қозғалтқыш күш болатына сенімдіміз. Бұл Президенттік реформалардың орасан зор бағдарламасын іске асыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Біз барлық азаматтарды - біздің ортақ мүддеміз бен ортақ мақсатымыз үшін, біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп өркендеуі жолында парламент сайлауын және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысты қолдауға шақырамыз»,-деген пікірлерін білдіреді Ассамблея өкілдері.

Хабарламаларға жазылу