Мемлекет басшысы Парламенттің Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету ісі жөнінде жемісті жұмыс жүргізгенін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ бүгінде депутаттардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын, қазақстандықтардың әл-ауқаты соларды табысты жүзеге асыруға байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.