Неліктен адамдар интернетте сауда жасағанды ұнатады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Неліктен адамдар интернетте сауда жасағанды ұнатады?

10.01.2016
Неліктен адамдар интернетте сауда жасағанды ұнатады?

Уақыт үнемдеу

Интернеттен киім алу – ыңғайлы. Интернет-дүкенде адамдар кезекте тұрып, уақыт жоғалтпайды. Сондай-ақ, ел ішінде жасалған тапсырыс үйге жеткізіледі.

Онда жеңілдіктер мен акциялар да жасалады. Тұрақты тұтынушыларға тиімді ұсыныстар туралы  ақпарат жіберіледі.

Психологиялық жайлылық

Интернет-дүкенде адам өзіне қажеттісін таңдайды. Ал, сауда орындарындағы дүкендердің кеңесшілері қымбат немесе өтпейтін тауарларды сатып алуға үгіттейді.

Интернетте сатып алушылар тауардың сипаттамасын өзі зерттейді. Кейбір ақпаратты менеджерге хабарласып білуге де болады.

Ал, ірі интернет-дүкендердің сайтынан тауардың сапасына немесе басқа ақпараттарды қолданушылар қалдырған пікірлерден білуге болады.

Эксклюзив

Интернет-дүкендерде бағалары  әртүрлі тауарлар ұсынылады. Көпшілік интернет-дүкендерге эксклюзив киімдер мен аяқ киімдер, қызықты заттар, қолөнер бұйымдарына тапсырыс береді. 

 

ФОТО: www.shoppingschool.ru

Хабарламаларға жазылу