Демалысты қалай өткізесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Демалысты қалай өткізесіз?

10.01.2016
Демалысты қалай өткізесіз?

 

2 күн демалатындардың көпшілігі сенбі күні көңіл көтеріп, жексенбіде үй жұмыстарымен айналысады. Ал, психологтар демалыс күндерінің орнын ауыстыру қажет екенін айтады. Сонда ғана жексенбі көңілді өтеді.

Әсіресе апта соңында балалардың көңіл-күйі түседі. Себебі олар үй  жұмысын орындауы қажет болады. Сондықтан балалар дұрыс демалу үшін үй тапсырмасын сенбі күні немесе жексенбі таңертең орындаған жөн.

Жексенбінің кеші бос болғаны дұрыс. Ал, тапсырманы соңғы уақытта орындау – балаларды стрестік жағдайға алып келеді. Себебі уақыт тығыз болғандықтан, олар үй жұмысын істеп үлгермеймін деп қобалжиды.

Демалыс күндері дүйсенбі күні орындалуы керек жұмысты ойлауға болмайды.

Тайм-менеджмент маманы Пэги Дункан жұмыс орнын жұма күні реттеп, алдағы аптада істелуі керек жұмыстардың тізімін жасау қажет екенін айтады. Сонымен қатар, дүйсенбіге маңызды шаралар мен кездесуді жоспарламаған жөн.

Жұмыс күндері адамды әріптестерінің (тұтынушы, сатып алушы, оқушы) қарым-қатынасы да шаршатады.  Көпшіліктің демалысты жалғыздықта өткізгісі келетіні де сондықтан.

Негізінде, адамды интернетте уақыт өткізу, тәттіні көп жеу, реалити-шоу көру де шаршатады. Тіпті ойын жинақтауға кедергі жасайды.

Демалыс күндері ұйымдастырылған қоғамдық мерекелерге қатысқан абзал. Себебі мұндай шаралар адамды сергітеді. Концерт, мұражайға бару және достармен кездесу де уақытты қызықты өткізуге септігін тигізеді.

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, бос уақытты қайырымдылыққа жұмсаған жөн. 

 

ФОТО: www.mts.kg

Хабарламаларға жазылу