Елордада «KazFood» жедел тамақтану орталығы ашылды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «KazFood» жедел тамақтану орталығы ашылды (ВИДЕО)

05.01.2016
Елордада «KazFood»  жедел тамақтану орталығы ашылды (ВИДЕО)

Астанада жедел тамақтану орталығы ашылды.

«Біз қазақы фастфуд орталығын ашып отырмыз. Кейінгі кезде көптеген кәсіпорындар, халыққа қызмет көрсететін мекемелер кәсібін сақтап қалуды көздесе, біз 80 адамды жұмыспен қамтып, 24 сағат жұмыс істейтін тамақтану орнын іске қостық.

Сонымен қатар, қазақстандық өндірушілерді қолдау мақсатында барлық қажетті көкөністерді өзіміздің шаруа қожалықтарынан алып отырмыз», дейді «KazFood» орталығының құрылтайшысы Баян Нәбиева.

Орталықтың негізгі мақсаты - сапа.

Мейрамханада ұлттық, еуропалық және азиялық тағамдардың кез келген түріне тапсырыс беруге болады. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу