Қауіпсіз әуежайлардың алғашқы тізімін Сингапурдегі «Чанги» әуежайы бастаған. Бұл әуежайдың айлағы жолаушыларға ыңғайлы және Wi-Fi қызметі тегін. Сонымен қатар инфрақұрылымы жақсы дамыған.
Екінші орында Дубай әуежайы. Мұнда жолаушылардың арнайы тынығуы үшін «Zen Gardens» бағы бар. Сондай-ақ, тегін жуынуға арналған бөлмемен жабдықталған.
Үшінші орын Гонконг әуежайына тиесілі. Төртінші орынды алғаш болып израильдік Бен-Гурион әуежайы алған. Ал, бесінші орында жолаушыларды ең көп тасымалдайтын Сеул-Инчхон әуежайы тұр.
Сингапурдегі «Чанги» әуежайы
Дубай әуежайы
Гонконг әуежайы
Израильдік Бен-Гурион әуежайы
Сеул-Инчхон әуежайы