Шаһаризат Сейдахмет, Бақытжан Желдербай. «Саған халқым-ай» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаһаризат Сейдахмет, Бақытжан Желдербай. «Саған халқым-ай» (ВИДЕО)

02.01.2016
Шаһаризат Сейдахмет, Бақытжан Желдербай. «Саған халқым-ай» (ВИДЕО)

Айтайын, айт дегенде әриайдай,

Көп айтса әриайдай көңілге жай.

Барады өтіп жалған, күн санаулы,

Қалайык ойнап, күліп осындайда.

 

Қайырмасы:

Ей, саған халқым-ай,

Беу, әнімді айтып-ай,

Жүрмін шалқып-ай.

 

Өлеңді тіл бастайды, жақ қостайды,

Бәйгеден келсе жүйрік ойқастайды.

Берейін бастап бастап, баста десең,

Бұл тойды мен бастамай, кім бастайды?!

 

Қайырмасы:

Ей, саған халқым-ай,

Беу, әнімді айтып-ай,

Жүрмін шалқып-ай.

Хабарламаларға жазылу