Samsung компаниясы «биопроцессордың» сериялық өндірісін жолға қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Samsung компаниясы «биопроцессордың» сериялық өндірісін жолға қойды

31.12.2015
Samsung компаниясы «биопроцессордың» сериялық өндірісін жолға қойды

Samsung Electronics компаниясы арнайы смарт-сағаттар мен фитнес-трекерлерге арналған Bio-Processor чипін жасап шығарды. Қазіргі таңда құрылғының сериялық өндірісі басталып кеткен.

Бұл чиптің мақсаты – адам денсаулығы туралы күнделікті мониторинг жүргізу және спортпен шұғылданған кездегі ағзаға түсетін күшті бақылау.

Samsung Bio-Processor биоэлектрлік импеданстың анализі, терілік-гальваникалық реакция, фотоплетизмограмма, электрокардиограмма мен тері температурасының өзгерісі туралы мәлімет беріп тұрады.

Осы арқылы адам өз ағзасындағы май мөлшерін, қаңқа-бұлшық ет массасын, жүрек қағысы мен ритмін, тері температурасы мен стресс деңгейін біле алады.

«Биопроцессоры» бар алғашқы өнімдер 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында пайда болады деп күтілуде.

Хабарламаларға жазылу