Оралдық кәсіпкер Хайролла Аяпов өңірдегі тың кәсіпті қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдық кәсіпкер Хайролла Аяпов өңірдегі тың кәсіпті қолға алды

26.10.2015
Оралдық кәсіпкер Хайролла Аяпов өңірдегі тың кәсіпті қолға алды
Кәсіпкердің шағын кәсіпорнында тосол, антифриз тәрізді суыққа төзімді сұйықтықтар шығарылады.

Дайын өнім жергілікті сауда орындары тарапынан үлкен сұранысқа ие болуда. Бірнеше жылдан бері көлікке қажет сұйықтықтарды сатып келген Хайролла Аяпов, енді олардың өндірісін жолға қойды. Алыстан арбалағанды жөн көрмедім, дейді кәсіпкер.

Бұл іске ол өз қаржысын салған, әрі қосымша мемлекеттен жеңілдетілген несие алған.
Шағын кәсіпорында айына 60 мың литр тосол өндіріледі.

Алдағы уақытта кәсіпкер мұнымен шектелмей, тежегішке және көлік терезесін тазартуға қажет сұйықтықтар шығаруды мақсат етуде.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу