Мәжіліс төрағасының орынбасары қамқорлықсыз қалған балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс төрағасының орынбасары қамқорлықсыз қалған балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

30.12.2015
Мәжіліс төрағасының орынбасары қамқорлықсыз қалған балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Мәжілісі төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант Абай Тасболатов балаларға жаңажылдық сыйлықтарын тапсыра отырып, Қазақстанда жасалған «Ютария» тігін фабрикасында тоқылған тоқыма өнімдерінен шыққан кеудешелер мен жемпірлерді сыйға тартты.

Балаларды тәуелсіз Қазақстанның белсенді патриот мүшесі болып қалыптасуына тілегін білдіріп, сабақтарын жақсы оқып саналы азаматтар болып қалыптасуға шақырды.

Соңғы кездерде осындай ата-аналардың балаларынан оңай бас тартып, жетім балалардың көбеюі күн санап келетіне назар аударды. Осындай жағдайларды қарап отырып, Қазақ қоғамында байып, бизнесін дөңгелентіп жатқан кәсіпкерлердің назарын қазақ халқына тән мейірімділік, бауырмалдылық қасиеттерін жоғалтпай, жетімдерге қамқор болуға шақырды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

«Әрбір адам баласы дүниеге жетім болу үшін келмейді. Сондықтан да, қатыгездікке жол бермей тағдырдың тәлкегіне ұшыраған жетімдердерге көмек көрсеткен абзал. Қайырымдылық адамның асыл қасиеттерінің бірі. Жаңа жыл қарсаңында әрбір қазақстандықтың айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін аямай адамгершілік қарым-қатынастарға адал болулары керек»,-деді төрағаның орынбасары.

Хабарламаларға жазылу