Әсет Исекешев елордалықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әсет Исекешев елордалықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

31.12.2017
Әсет Исекешев елордалықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елордалықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Құрметті астаналықтар және қала қонақтары! Сіздерді Жаңа 2018 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз ит жылын жақсылықтың, береке мен татулықтың жаршысы деп қабылдаған. Біздің де келер жылдан күтеріміз көп, өткен жылға өкпеміз жоқ.

2017 жыл Астана үшін табысты болды. Экономика, мәдениет, туризм және әлеуметтік салаларда дамудың оң динамикасына қол жеткізілді. ЭКСПО көрмесін жоғары деңгейде өткіздік. Мұның бәрі Елбасымыздың алдымызға қойған нақты тапсырмалары мен барша астаналықтардың қажырлы еңбегінің арқасы» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қала басшысы елордамыздың Алатау баурайынан Арқа төсіне ауысқанына жиырма жыл толғанын атап өтті.

«Бұл өткенімізді саралап, келешекті бағамдайтын маңызды сәт. Жиырма жылда Астана қаласы адам танымастай өзгерді. Астананы дамытудың ұзақ мерзімдік жоспары өз мерзімінде орындалып келеді. Жаңа 2018 жыл да еліміз бен Елорда тарихында маңызды өзгерістермен есте қалады деп сенемін!» деген ол сөз соңында.

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу