«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Іңкәр жүрек» атты жаңа телехикая ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Іңкәр жүрек» атты жаңа телехикая ұсынады

28.12.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Іңкәр жүрек» атты жаңа телехикая ұсынады

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Жаңа жылда өз көрермендерін көптеген жаңа және шытырман оқиғаларға толы телехикаялармен қуантады. Бұл жолы көрермендер назарына «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынылады.

Жаңа драмалық сериалдың басты кейіпкері Сәуле есімді қыздың өзінің бақытын табу жолында қиындыққа толы тағдыры туралы болады. Басты кейіпкеріміз жас кезінен-ақ көптеген қиындықтарға тап болады. Соған қарамастан ол көптеген кедергілерді еңсере отырып, арманына қол жеткізіп, модель болады.

Ауылдан шыққан қарапайым қыздан танымал модель жолын фильмде Сәуленің бұрынғы күйеуіне жазған хаттарынан көре аламыз. Сәуленің аяғы ауыр еді, бірақ күйеуіне айтпастан кетіп қалады. Сол кездегі қиындықтармен қоса жұмыс, бала бағу мен асырау оның  мойнына жүктеледі.

Алда оны махаббат пен сатқындық, қателік пен өкініш, қуаныш пен қайғы бірге сабақтасқан өмір күтіп тұр еді.

Осындай әсерлі оқиға әрі қарай қалай өрбиді және немен аяқталатынын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының көрермендері «Іңкәр жүрек» атты жаңа өмірлік телехикаясынан тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу