«Қазақстан» телеарнасы көрермендеріне жаңа телехикая ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телеарнасы көрермендеріне жаңа телехикая ұсынады

02.02.2017
«Қазақстан» телеарнасы көрермендеріне жаңа телехикая ұсынады

 «Қазақстан» телеарнасы көрермендеріне жаңа хикая ұсынады. 2017 жылдың 6 ақпанынан бастап сағат: 19:10-да «Ақ пен қара» отбасылық драмасын көрсетуді бастайды. Филиппиндік фильм 31 қаңтар күні аяқталатын малазиялық «Сурайя» сериалының орнына шығады.

«Ақ пен қара» - кедей отбасында бақытты өмір сүрген Сара мен Кара деген егіз қыздар туралы. Өсе келе қыздардің бірі Кара лейкемияға шалдығады. Анасының оны емдеуге қаражаты болмайды. Сол себепті қызын туған әкесі Антониоға беруге мәжбүр болады. Уақыт өте келе өмірдің тәлкегімен қыздар қайта кездеседі. Екі түрлі ортада, бірі байдың, бірі кедейдің қызы болып өскен бойжеткендердің ендігі өмірге, ортаға деген көзқарасы туралы қандай болмақ?!            

Сериалдың мақсаты – жастардың бойына туған-туыс пен үлкенге деген құрмет сезімін  сіңіру, кішкентайларға үлгі болу, пәктік пен адалдық бар жерде ғана сезімнің пайда болатынын көрсету, жақсылық жамандықты жеңетінін дәлелдеу, жасырылғанның беті ашылатынын көрсету.

Филиппиндік 145 сериялық «Ақ пен қара» телехикаясы «6th TV Series Craze Awards» премиясы бойынша 2015 жылғы үздік күндізгі сериал атағына ие болған.  Кара рөлін сомдап шыққан Джулия Монтес «14th Gawad Tanglaw Awards» премиясы бойынша 2016 жылдың үздік актрисасы құрметіне ие болған.   

«Ақ пен қара» хикаясын қазақстандық телекөрерменнен өзге Сингапур, Малайзия, Вьетнам, Мьянма, Папуа - Новая Гвинея, Танзания, Нигерия және Африканың бірқатар елдерінің халқы тамашалайды.

Хабарламаларға жазылу