«Астана Опера» солистері Италияның көне театрында өнер көрсетуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» солистері Италияның көне театрында өнер көрсетуде

28.12.2015
«Астана Опера» солистері Италияның көне театрында өнер көрсетуде

Отандық опера өнерінің тарихында алғаш рет қазақстандық вокалистердің қатысуымен Италияда өтетін «Богема» спектаклі көрерменге 27, 29 желтоқсанда және 2,3қ аңтарда ұсынылады, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.  

Онлайн-көрсетілім 29 желтоқсандасағат 01:10(Астана уақыты) «Карло Феличе» театрының онлайн-телеарнасында (http://www.streamingcarlofelice.com/la-boheme-2.html) және www.tengrinews.tv арқылы көрсетіледі. Классикалық музыканы сүйер қауым үзіліс кезінде сүйікті әртістерінің Генуяда қалай жұмыс істегені және өз кейіпкерлерін қалай сомдап шыққаны жайлы берген сұхбаттарын тыңдай алады.

27, 29 желтоқсанда және 3 қаңтардаАйгүл Ниязова Мимидің партиясын, Медет Шотабаев Рудольфты, Салтанат Ахметова Мюзеттаны, Талғат Мұсабаев Марсельді, Евгений Чайников Шонарды, Артур Қайыпқұлов Колленді шырқайтынын, ал 2 қаңтарда «Астана Опера» солистерімен бірге Мими партиясын итальяндық сопрано Серена Гамбертони, Рудольфты Леонардо Каими орындайтынын естеріңізге саламыз.

 

Хабарламаларға жазылу