«Classic» радиосы: Астанада танымал пианист Штефан Маттиас Ладеманн өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Classic» радиосы: Астанада танымал пианист Штефан Маттиас Ладеманн өнер көрсетеді

03.10.2016
«Classic» радиосы: Астанада танымал пианист Штефан Маттиас Ладеманн өнер көрсетеді

8 қазан күні Астанада «Жібек жолы» III Халықаралық фестивалі аясында танымал пианист Штефан Маттиас Ладеманн өнер көрсетеді.

Венадағы музыка және орындаушылық өнер университетінің профессоры, Нюрнберг музыкалық университетінің профессоры Астанада театр солистері мен концертмейстерлеріне арнап шеберлік сыныбын өткізеді.

Концертке «Астана Опера» театрының солистері – Вена консерваториясының түлегі Мадина Исламова, Арманияның халық әртісі Барсег Туманян, Любовь Ткаченко, Александр Тараскин, сондай-ақ, А. Брукнер атындағы магистратура университетінің түлегі, қазақстандық пианист Ернар Нұртазин қатысады.

Хабарламаларға жазылу