Павлодар қаласының «№1 автобус паркі» ЖШС жаңа автобустармен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласының «№1 автобус паркі» ЖШС жаңа автобустармен толықты

25.12.2015
Павлодар қаласының «№1 автобус паркі» ЖШС жаңа автобустармен толықты

Павлодар қаласының «№1 автобус паркі» ЖШС-ін жекешелендіру өзінің алғашқы жемісін берді. Автопарктің жаңа иелері қалада жүретін 36 жаңа қоғамдық автобусты таныстырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. №1 автобус паркі бір ай бұрын тиімді бағаға сатылған болатын. Жекешелендіру шарттарының бірінде жаңа автобустарды сатып алу міндеті тұрды. Облысымыздың басқа аудандарында да кәсібін жүргізіп отырған павлодарлық «Қазақстан құрылыс компаниясы» ЖШС өз міндетін орындап, облыс орталығында әрқайсысының сыйымдылығы 100 жолаушыны құрайтын 36 жаңа автобусты сатып алды.

Жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асатын жаңа көлік құралдары пандустармен жабдықталған. Бұл арбаға таңылған мүгедек жандардың салонға өтуіне өте қолайлы. Сонымен бірге, әрбір автобуста тегін wi-fi желісі орнатылған. «Биылғы жылы өткізілген Павлодар қаласының маршрут желісін оңтайландыру қажет болды деп есептеймін»,- деді Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

Бұл қоғамдық көліктердің жайлылығы мен қала ішіндегі жолаушыларды тасымалдау жұмысының тиімділігін арттырады. Атап өтерлігі, жаңа тасымалдаушы келесі жылдың басында біртіндеп енгізілетін электронды билет жүйесімен де таныстырды. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе тасымалдаушылардың табысын барынша ашық көрсетіп, салық түсімдерінің көбеюіне әкеледі.

Хабарламаларға жазылу