«Таңшолпан» тілшісінің «Майкл Джексон өмірден өткен соң «танымылдылығым төмендейді» деген қорқыныш болған жоқ па?!», деген сауалына әнші «Майкл сияқты жандар өмірге мыңдаған жылдарда бір келеді. Жүрегімен өнерге берілген адам. Кішкентай күнімнен оның сахнадағы барлық іс-қимылын зерттедім. Сырттай қарағанда әуесің кетеді.
Тіпті кішкентай күнімде Майкл құсап, мұрныма ота жасатуды да ойлағанмын. Бірақ, есейе келе ол ойымнан айныдым», деп жауап берді.
«Қазақстандық әншілер арасында Қайрат Түнтековпен жақсы байланыстамын. Достығымызға себеп болған - екеуіміздің де Майкл Джексонның өнерін құрметтейтініміз», дейді.
Әншінің шығармашылық жоспарлары туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.