«АБАЙ және ҚАЗАҚ елінің болашағы» атты кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«АБАЙ және ҚАЗАҚ елінің болашағы» атты кітабы жарық көрді

24.12.2015
  «АБАЙ  және ҚАЗАҚ елінің болашағы» атты кітабы жарық көрді

Абай Құнанбайұлының шығармалары мен қара сөздері қазақ халқын, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде. Абай - ой мен сөз бостандығының символына айналды.  Қазақтың идеалы – Абай.  Кітапта оның қара сөздерінде көтерілген мәселелерді XXI ғасырда іске асыру тетіктері айқындалған. Сондай-ақ, қазақ еліне, жалпы өркениетке елеулі үлес қосқан әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абылай хан, Дінмұхамед Қонаев  сияқты 30-ға жуық тарихи ұлы тұлғалар туралы қысқаша мəлімет беріледі.

«Егер дəл қазір Абайдың өзі болса, алыс - жақын айналада жəне елімізде болып жатқан құбылыстарға, адамзаттың жанайқайына не айтар еді? Оның өңменіңнен өтетін ащы өмір шындығына, лауазымына қарамай айтатын сынына, дəлеліне қазіргі билік сол бұрынғы Абайға қарағандай қарай ма екен?!  Ұлы Абайдың феномені, оның ой-өрісін, болмысын бəріміз, үлкеніміз де, кішіміз де, байымыз да, кедейіміз де жақсы көреміз, мойындаймыз да. Ал ісіне келгенде біріміз оның айтқандарын істеуге тырыссақ, ал екінші жартымыз неге керісінше жасаймыз ? Абайдың ақиқат пен шындығын айтатын кез келді. Біз Абайға қайта бет бұрып, оның туындыларынан ақиқат пен шындықты, оның толық адамынан ар-ұят, намыс пен мейірімділікті алып, өзімізді өзгертуге, рухани  жан дүниемізді түзетуге бет алсақ екен» -  дейді автор.

Бұл кітаптың ерекшелігі, ол халықаралық деңгейде жаңа постмодернизм тәсілінде бүгін мен болашақтың өзекті сұрақтарына жауап беріп, оларды қалай іске асыру жолдары жазылған. Соның арқасында Қазақстанды, яғни Қазақ елін жаңа өркениетке, ізгілендіру қоғамына көтеру- автордың негізгі мақсаты.

Сөз соңында адамзаттың XXI ғасырда өмір сүру жолдары ұсынылған. Атап айтқанда: экономика, рухани-мәдени, ғылыми-технологиялық революция, экология, ғарышты игеру, қауіпсіздік туралы алға жетелейтін базалық құндылықтардың тетіктері қарастырылған. Кітапқа академиктердің, мамандардың пікірлері берілген.

  

 

 



 

Хабарламаларға жазылу