Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты аяқталды

22.12.2015
Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты аяқталды

Биыл Сыр елінде екінші мәрте өткізілген жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 8 команда команда бақ сынасты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш додада 14 ҚР спорт шеберлері, 29 спорт шеберлігіне кандидаттар және 15 бірінші спорттық разрядты 10 жастан 18 жасқа дейінгі спортшылар қысқа және еркін бағдарламалар бойынша өнер көрсетті. 

Чемпионаттың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер: 

I спорттық разряд бойынша қыздар арасында: 

I орын Злата Рязанова (Астана қ., ұпайы 83,00)

II орын Милана Садыкова (Астана қ., ұпайы 73,82)

III орын Ясмин Текик (Астана қ., ұпайы 70,22)

Ұлдар арасында:

I орын Елисей Волков (Алматы қ., ұпайы 61,19)

II орын Кирилл Кокоулин (Қарағанды обл., ұпайы 49,92)

III орын Леонид Михальцов (Қарағанды обл., ұпайы 40,38)

Спорт шеберлігіне кандидат бойынша қыздар арасында: 

I орын Алана Токтарова (Алматы обл., ұпайы 113,98)

II орын Гүлжан Жұмәділова (Алматы қ., ұпайы 87,27)

III орын Эльвира Темірова (Қарағанды обл., ұпайы 85,90)

Ұлдар арасында: 

I орын Никита Манько (Астана қ., ұпайы 117,20)

II орын Молдияр Есеев (Алматы қ., ұпайы 94,98)

III орын Всеволод Филь (Алматы қ., ұпайы 89,97)

ҚР спорт шебері бойынша әйелдер арасында: 

I орын Элизабет Тұрсынбаева (Қызылорда обл., ұпайы 194,94)

II орын Айза Мамбекова (Алматы қ., ұпайы 113,60)

III орын Алина Сыдықова (Астана қ., ұпайы 94,41)

Ерлер арасында: 

I орын Данияр Әділов (Алматы қ., ұпайы 156,68)

II орын Артур Панихан (Алматы қ., ұпайы 129,48)

III орын Андрей Лебедев (Алматы қ., ұпайы 119,37)

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Казгермұнай» компаниясының директоры, жарыстың бас демеушісі Медет Кәрім, жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәржедегі төреші Юрий Гуськов, мәнерлеп сырғанаудан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Надежда Перфильева, "Мұз айдыны" спорт кешенінің директоры Николай Некрасов және №4 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Алексей Ильин марапаттады. 

Сондай ақ, Қазақстан жеңімпазын дайындағаны үшін Э.Тұрсынбаеваның анасы әрі жаттықтырушысы Падишахан Сұлтаналиеваға алғыс хат пен медаль табысталды. Айта кетейік, осымен Элизабет ересектер арасында 2 мәрте Қазақстан жеңімпазы атанды. 

Марапат соңында Элизабет Ел тәуелсіздігі және Жаңа жыл мерекесіне орай, жерлестеріне тарту ретінде скрипкада өнер көрсетті.

Хабарламаларға жазылу