Қазан айының басында ФИФА-ның этика комитеті Йозеп Блаттер мен Мишель Платиниді футболға қатысты барлық шарадан 90 күнге шеттеткен еді. Бүгін Халықаралық футбол федерациясының Этика комитеті оларды 8 жылға футболдан шеттетіп отыр.
Сонымен қатар, Блаттерге 50 мың, Платиниге 80 мың Швейцария франк айыппұл салынды.
Блаттер мен Платини 2011 жылы 2 млн Швейцария франк жымқырды, деп айыпталып отыр.