17 желтоқсанда Қазақстанның басым аймағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болатындықтан жауын-шашын түседі. Республиканың кей аймағында тұман түсіп, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын болады, тек оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіліп, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетіп, күндіз 15-20 м/с екпіні 25 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысында көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 30 м/с күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, оның екпіні түнде кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді, күндіз 17-22 м/с болады.