Ұлттық нақышта түсірілген фильмдер (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық нақышта түсірілген фильмдер (ВИДЕО)

16.12.2015
Ұлттық нақышта түсірілген фильмдер (ВИДЕО)

Қазақ кино студиясы алғашқы құрылғаннан бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-ге жуық деректі фильм шығарды. Ал, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары отандық киноөндіріс жаңаша бағытқа бет бұрды.

«Соңғы 25 жыл ішіндегі қазақ киносының тарихы өте бай. Себебі, Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап, бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолдары мен  қазақ киносының тарихы өте тығыз байланысты. Еліміздің жас мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінің ізі осы экранда қалды»,-дейді кинотанушы Нәзира Рахманқызы.

Кейінгі онжылдықта да сәтті әрі тың туындылар жарыққа шыға бастады. Соның бірі 2011 жылы түсірілімі басталған – «Көшбасшы жолы» киноэпопеясы. Мемлекет басшысы кітабының желісі бойынша түсірілген туынды «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» және «Теміртау: тығырықтан жол табу» бөлімдерінен тұрады.

Бұл фильмде Нұрсұлтан Назарбаевтың бала кезінен күні бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы, өмір кезеңдері әсерлі көрсетілген.

Ал, 2012 жылы жарыққа шыққан Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың баласына» кино майталмандарының өзі «шебер туындының  бірегейі», деп баға берді. XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығын суреттейтін фильмде жоңғар әскерінің ескі моңғол тілінде  сөйлеуі картинаны шынайы ете түсті. Фильмнің шешуші кезеңіндегі Аңырақай шайқасы нағыз қызыл қырғынды көз алдыңа әкеледі.

Өзге де ұлттық туындылар туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу