Уфа мұнай университетінің студенттерімен бірге шара қатысушылары мен қонақтарын Оңтүстік Кореяның танымал музыканты Ли Донг Вук те құттықтады.
Қазақстандықтар өнерлері арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған көрермендерге қазақ халқының ұлы тарихи жолы, дәстүрлері, жетістіктері мен жеңістері, Тәуелсіз мемлекеттің құрылуы туралы баяндап берді. Студенттердің әр өнер көрсетуінде өз еліне деген шексіз махаббаты мен тарихына, отандастарына деген құрмет сезімі сезіліп тұрды.
Бүгінгі таңда Уфа университетінде 400-ге жуық қазақстандық білім алып жатса, Башқұртстанда тұрып жатқан отандастарымыздың жалпы саны 4000-нан астам адамды құрайды.