«Бүгін «Айтматов оқулары -2015» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ғылым академиясының басшысы Абдыганы Эркебаев 2018 жылды әлемдік әдебиеттің классигі Шыңғыс Айтматов жылы деп жариялауды ұсынды. Ал, академия өкілдері бұл ұсынысты Үкімет пен ел Президентіне жолдамақ»,-деп хабарлайды академияның баспасөз қызметі.
Конференция әйгілі жазушының туған күніне және Қырғызстандағы Әдебиет күніне орайластырылып ұйымдастырылған. Шараға Қырғызстандық айтматовтанушылармен қатар Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Түркия, Оңтүстік Корея, Жапония мен Ресейден де ғалымдар қатысты.
Онда қырғыз, ағылшын және орыс тілдерінде 96 баяндама ұсынылды. 12 желтоқсан күні конференцияға қатысушылар Ш.Айтматовты еске алу үшін Ата-Бейит мемориалды кешеніне барады және жазушының мұражай-үйін тамашалайды.
XX ғасырдың Ұлы жазушыларының бірінің шығармашылығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан соң арнайы резолюция қабылданады.