Алматыда Қазақстан өнері мен мәдениетіне қызмет етіп жүрген жас таланттарға «Серпер» жастар сыйлығы табысталды.
Биыл сыйлық Қазақстан Жастар одағы арнайы комиссиясының шешімімен әдебиет, журналистика, театр, эстрада салалары бойынша барлығы 16 жасқа берілді.
«Таңшолпан» бағдарламасының редакторы, ақын Саян Есжан жастар сыйлығына «Жыр жинақ» аталымы бойынша ие болды.
Айта кетейік, «Серпер» сыйлығы жас таланттарды қолдау мақсатында екі жылда бір рет беріледі.