Астана әкімі жаңа балалар жұқпалы аурулар ауруханасын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әкімі жаңа балалар жұқпалы аурулар ауруханасын ашты

09.12.2015
Астана әкімі жаңа балалар жұқпалы аурулар ауруханасын ашты

Ғимарат бір-бірімен галерея арқылы байланысатын 6 корпустан тұрады. Науқастарды қабылдау үшін сегіз қабылдау-қарау мельцер боксы жасалған, олардың әрқайсысына кіретін жеке жол бар. Бас ғимараттың кіре берісінде бейнекездесулер бөлмесі орналасқан. Осылайша, науқастар өз палатасында жатып туыстарымен көрісіп, сөйлесе алады. Ә. Жақсыбеков аталған жүйені бірінші болып сынақтан өткізді.

Жаңа аурухананың бірнеше бөлімін қарағаннан кейін әкім медициналық персонал ұжымымен әңгімелесіп, денсаулық сақтау қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтіп, оларға еңбектері үшін алғысын білдірді.

«Бұл қаладағы үздік ауруханалардың бірі, мұнда заманауи технологиялар мен медицинадағы жетістіктер үйлесім тапқан. Мекеменің ашылуына орай орындар тапшылығы шешіледі, көлемі кеңейтіліп, балаларға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі артады. Бұл Мемлекет басшысының жеке қолдауының арқасында мүмкін болды», - деді Ә. Жақсыбеков.

Қала басшысы экономикалық жағдайға қарамастан әлеуметтік нысандар құрылысы тоқтатылмайтынын атап өтті.

Хабарламаларға жазылу