Шымкентте қосымша 3 ПТР зертханасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қосымша 3 ПТР зертханасы ашылды

01.07.2020

Шымкент қаласында эпиедемиологиялық ахуалдың күрделене түсуіне байланысты қосымша 3 ПТР зертхана іске қосылды. Мұнда енді тәулігіне 1 600-ге дейін тест сынамасын тапсыруға мүмкіндік бар. Жалпы, мегаполисте сәуір мен маусым айларында барлығы 71 мың 548 науқас тест сынамасын тапсырған. Вирустың белең алуына байланысты қалалық жұқпалы аурулар ауруханасын қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 502 миллион теңге бөлінді. Инфекциялық және провизорлық стационарларға 21 жасанды тыныс алу қондырғысы және 200 Бобров аппараты сатып алынды. Сондай-ақ, тағы 40 қондырғы мен компьютерлік томографтар жеткізілмек. Коронавирустың жеңіл формасымен ауырып жатқан науқастарды бақылау үшін мобильдік топтар құрылды. Барлық мобильді топтар бөлек көліктермен қамтамасыз етіліп, медициналық персонал басқа функционалдық міндеттерден босатылған.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу