«Келбетте» - Әбіш Кекілбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келбетте» - Әбіш Кекілбаев

09.12.2015
«Келбетте» - Әбіш Кекілбаев

Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар.

Жазушы туралы кезінде Тұманбай Молдағалиев: «Жазушының тiлiнде де, дiлiнде де мiн жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезiмтал, бәйгенiң алдынан ғана келетiн тұлпарларға ұқсатам мен Әбiштi. Ал, аспанға қарасам оның жұлдызын оңай танимын. Оның жұлдызы сол Әуезов, сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейiсов жұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мәңгi жанатын жұлдыз»,-деген екен.

Ал, Шерхан Мұртаза: «Тәңiр мен туған ана Әбiшке келiстi келбет берген. Атақты философ Артур Шопенгауэрдiң байқауынша, кiсi келбетi - бұл адамның кiм екенiнiң кепiлдемесi, өзi туралы ашық хаты iспеттес. «Мiне, мен осындай адаммын» деген мiнездеме оның дидарында ап-айқын жазулы тұрады»,-дейді.

Әбіш Кекілбаевтың ең көп қалам тартқан тақырыбы қандай? Жазушының бала күнгі арманы не болды? Бүгінгі заманның заңғар тұлғасы туралы толығырақ бүгін 17:00-де «Келбет» хабарынан көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу