Астанада Қазақстандағы еңбекші мигранттардың мәселелері талқыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстандағы еңбекші мигранттардың мәселелері талқыланады

08.12.2015
Астанада Қазақстандағы еңбекші мигранттардың мәселелері талқыланады

Бүгін Халықаралық мигранттар күні қарсаңында Астана қаласында Қазақстандағы еңбекші мигранттардың мәселелеріне арналған баспасөз мәжілісі өтеді.

Қазіргі күні Қазақстан еңбекші мигранттарды қабылдау жағынан әлемде 7-ші орында тұр. Жыл сайын еліміз 300 мыңнан 1 миллионға дейін адам қабылдайды. Әр түрлі сарапшылардың пікірлері бойынша олардың 15 пайызы жұқпалы індеттерге, оның ішінде туберкулезге шалдыққан.

Мәжілісте Қазақстандағы еңбекші мигранттарға байланысты жағдайлар талқыланып, оларды қабылдау бойынша ҚР-да көш бастап тұрған облыстарға қатысты статистикалық мәліметтер келтіріліп, сұрақтарға жауап беріледі.

Сонымен қатар, спикерлер Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей өкілдерінің қатысуымен әзірленген құжат – Әрекеттер жоспары туралы ақпарат бермек. Аталған жоспарда Орталық Азия елдеріндегі туберкулезге шекара маңында бақылау жүргізу бойынша нақты шаралар келтірілген.

Баспасөз мәжілісінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (ДСӘДМ) Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басшысы Бауыржан Байсеркин, ҚР ДСӘДМ Туберкулез мәселелері жөніндегі ұлттық орталығының директоры Тілеухан Әбілдаев, Мигранттар жөніндегі халықаралық ұйымның ұлттық офицері Светлана Жасымбекова, Қазақстандағы Project HOPE өкілі Бахтияр Бабамурадов, Қызыл Жарты ай қоғамының Астанадағы филиал директоры Айгүл Құмашева сөз сөйлейді.

Хабарламаларға жазылу