Илья Ильин әлемнің үздік ауыр атлеті атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильин әлемнің үздік ауыр атлеті атанды

25.02.2016
Илья Ильин әлемнің  үздік ауыр атлеті атанды
Илья Ильин әлемнің  үздік ауыр атлеті атанды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2015 жылдың ең үздік ауыр атлеті ретінде отандасымыз Илья Ильинді атады. Бұл туралы ақпарат федерацияның сайтында жарияланған.

Федерация үздіктерді таңдау үшін сайт арқылы дауыс беру жүйесін қолданған. Нәтижесінде Илья Ильин ең үздік ауыр атлет атанып отыр. Оның мұндай мәртебеге ие болуына 2015 жылы Грозныйда өткен Ресей президенті кубогындағы жеңісі себеп болыпты. Сол жарыста Илья екі рет әлем рекордын жаңартқан болатын.

Дауыс беру қорытындысы бойынша ерлер арасынан Ильин топ жарса, әйелдер арасынан қытай Тайбэйінің спортшысы Сюй Шу-Чин алға шыққан. Екеуі де екі мыңнан астам дауыс жинапты.

Ал, Ильин болса «Жылдың үздік ауыр атлеті» атағын төрт рет алды. 2005 және 2006 жылдары, сонымен қатар 2014 және 2015 жылдары Илья үздік деп танылды.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу