Өнертапқыштар «ақылды» сөмке ойлап тапты (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнертапқыштар «ақылды» сөмке ойлап тапты (ФОТО)

05.12.2015
Өнертапқыштар «ақылды» сөмке ойлап тапты (ФОТО)

Британиядағы Duncan of Jordanstone College of Art and Design колледжінің студенттері Smart handbag сөмкесін  таныстырды. Дизайн дәрісін тыңдаған үш құрбы - Линн Фишлер, Кирсти Снеддон және  Ребекка Смит ерекше зат ойлап тапқан.

Smart handbag сөмкесі шопоголизм ауруынан айықтырады, дейді олар. «Ақылды» сөмкеге арнайы құрылғы орнатылған. Егер сөмкеден кредит картасы алынса, құрылғы белгі береді. 

Яғни, қоңыр былғары сөмке «Бұл сізге расымен қажет пе?» деп сұрайды. Карта сөмкеден қаншалықты алыс кетсе, дауыс соншалықты қатты шығады.

Кредит картасы  алшақтап кетсе, сөмке «Сіз артық шығын жасадыңыз» деп «айтады».

«Біз дизайнерлік заттар тек әдемі ғана емес, пайдалы болатынын көрсеткіміз келді. Бұл өнертабысымыз шығынды азайтуға бағытталған. Адамдарға жоспарланбаған заттарды сатып алмауға көмектеседі. Себебі бүгінгі таңда көпшілік сауда жасағанды ұнатады», - дейді өнертабысты жасаушылардың бірі Линн.

Smart handbag жобасы адамдардың саналы түрде сауда жасауға үндеуге бағытталған. Ал, сөмкенің «естен тандыратын» дауысын салған -  Duncan of Jordanstone College of Art and Design  колледжінің  профессоры Майк Пресс. Оның дыбысы сәтті шығуы үшін 50 рет жазылған екен. 

«Біздің жобамыздың таныстырылымы  Жаңа жыл алдында болғаны – сәйкестік қана. Бірақ осы кезде әр адам  шектен тыс сауда жасайды. Біз адамдар әрқашан бірінші кезекте өзіне не қажет екенін есте сақтағанын қаладық. Одан бөлек, сөмкені ойыншық ретінде қабылдауға болады. Smart handbag қалжыңдап «сөйлеп», жоспарланбаған шығынның алдын алады», - дейді Кирсти.

Әзірге Smart handbag-тің тек бір данасы бар. Алайда, өнертапқыш қыздар 2016 жылы «ақылды» сөмкені саудаға шығаруды жоспарлауда.

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді 

ФОТО: shoeswithaview.com

Хабарламаларға жазылу