«ОПЕК ұйымына кірмейтін компаниялармен және инвесторлармен, мұнайды өндірушілермен және тұтынушылармен ынтымақтастық пен диалог мұнай нарығын реттеудегі біздің мақсатымызға жету үшін өте қажет. 2015 жылы ОПЕК ұйымына мүше емес елдермен өткізген екі техникалық кездесулер барысында біз бұған көз жеткізген болатынбыз. Сонымен қатар, біз екіжақты консультацияларды Ресеймен және Қытаймен өткізгенбіз»,-деді ОПЕК төрағасы.
Оның сөзінше, картель мұнайға деген сұраныстың 2015 жылы тәулігіне 1,5 млн баррельге артатындығын айтады. 2014 жылы бұл меже тәулігіне 1 млн баррель болған.
Бұған дейін Венесуэланың Мұнай және тау-кен өндірісі министрі Эулихио дель Пино сұраныстың тәулігіне 1,2 баррель болатындығын айтқан болатын, деп жазады ТАСС.