Елордада ІІІ Астана интернет форумы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ІІІ Астана интернет форумы өтуде

04.12.2015
Елордада ІІІ Астана интернет форумы өтуде

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика мәселелерін зерттеу институты, Ұлттық Интернет Ассоциациясы ұйымдастырған III Астана Интернет форумы өтуде.

Форум тақырыбы – отандық ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздік мәселелері. Атап айтқанда, ақпараттық қысым және дезинформация, әлеуметтік желілердегі діни-экстремистік идеология, интернет желісіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әлеуметтік-саяси және техникалық аспектілері.

Шараға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли, «Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық қорының директоры Есен Елеукен, Ұлттық Интернет Ассоциациясының президенті Серікқазы Кәкібаланов және IT саласының мамандары, блогерлер қатысуда.

Хабарламаларға жазылу