«Түнгі студияда» Алтынбек Қоразбаевтың жаңа әнінің тұсауы кесілді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» Алтынбек Қоразбаевтың жаңа әнінің тұсауы кесілді (ВИДЕО)

03.12.2015
«Түнгі студияда» Алтынбек Қоразбаевтың жаңа әнінің тұсауы кесілді (ВИДЕО)

«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» хабарында әнші,  композитор Алтынбек Қоразбаевтың «Таудағы көктем» әнінің тұсауы кесілді.

«Мен бір әнді бір жыл немесе екі жыл жазуым мүмкін. Мысалы, бүгін Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Таудағы көктем» деген әнін орындаймын. Бұл әнді екі жылдай жаздым.  Осы студияда тұсаукесері жасалмақ. Себебі әнді әлі еш жерде орындамадым», - деді композитор.

Назарларыңызға  Алтынбек Қоразбаевтың орындауындағы  «Таудағы көктем» әнін ұсынамыз.  

Әні: А.Қоразбаев, сөзі: М.Мақатаев

Сай-саланы,
Аймалады,
Жоталардан жел есті.
 
Көк қарағай.
Көп баладай,
Күбір-күбір кеңесті.
 
Қасқа бұлақ,
Тастан құлап,
Бара жатыр шапқылап.
 
Шыңылдаған,
Сыбырлаған,
Айхай, тастар - саққұлақ.
 
Бір жүрекпен,
Дір-дір еткен,
Жасыл талдар - жас талдар.
 
Еміренген,
Тебіренген,
Ақбас ата - асқарлар.
 
Күннен - бөркі,
Гүлден - көркі,
Тау - тамаша, тау - алып.
 
Қатпар басын,
Шатқал тасын,
Көрген сайын жаңалық.
 
Айналаңа,
Сайға қара,
Шыңға қара ақ маңдай.
 
Бала шағың,
Болашағың,
Көктеп келе жатқандай.
 
 
Бағдарламаның толық нұсқасы

 

Хабарламаларға жазылу