Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ төрағасы Ахметжан Есімов пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржанов қол қойды.
Келісім аясында тараптар 2013-2018 жылдарды қамтитын Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Ұлттық жоспарда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда ынтымақтаса қызмет ететін болып келісті.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының өңірлік көлік-логистикалық компанияларымен әріптестік орнатылып, негізгі туристік бағыттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қарастырылады және жол бойының инфрақұрылымы жаңғыртылады, туристік нысандарға апаратын жолдар жөнделеді.
Сондай-ақ, Каспий теңізі бойынша теплоходпен саяхат ұйымдастыру бағытындағы ынтымақтастық туралы меморандум Маңғыстау облысының «Турист» ЖШС мен ресейлік туроператор «Экспрес-тур» серіктестігі арасында да қойылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.