Бұл туралы The Telegraph хабарлады.
Сауд Арабиясының аталмыш жобаға салған инвестициясының көлемі 1,2 млрд долларды құрайды. Бүгінде «Ханшайым мұнарасы» аталып кеткен ғимарат болашақта әлемдегі ең биік мұнара болады деп күтілуде.
«Бурдж әл Мамляки» ғимаратының құрылысы 2020 жылы аяқталады деп күтілуде. Оның жалпы көлемі 245 мың шаршы метр болады және 200 қабаттан тұрады.
Бүгінгі таңда әлемде одан үлкен жоба жоқ. 2012 жылы жобаның құрылысы басталып, 2013 жылы құрылыс жұмыстары белсенді жүргізіле бастады. Қазіргі таңда оның 20 қабаты салынып бітті.
Мұнара оның айналасына салынғалы отырған «Король орталығы» ауданындағы туристер ең көп қатынайтын орын болады деген жоспар бар.
Бүгінгі таңда әлемдегі ең биік ғимарат Дубайдағы «Бурдж-Халифа» болып табылады. Оның биіктігі 828 метр және онда 163 қабат орналасқан. Мұнара 2004-2010 жылдар аралығында салынып бітті. Оның құрылысына 1,5 миллиард доллар жұмсалған.