Ауа райы: Қыстың алғашқы күндері жылы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Қыстың алғашқы күндері жылы болады

01.12.2015
Ауа райы: Қыстың алғашқы күндері жылы болады

Қыстың алғашқы күндері басталды, алайда, күздің жылымығы әлі де болса қайта қойған жоқ.

Осыған қарай демалыс күндерінде де Қазақстан аумағындағы ауа температурасы климаттық нормадан 3-8 градусқа жылы болды. Тіпті, елдің солтүстік және шығыс бөліктерінде температура қалыпты нормадан 9-13 градус деңгейінде жылы болды.  

Енді, елдің басым бөлігіндегі ауа температурасына ықпал ететін антициклон алдағы 3 тәулікте бірте-бірте шығысқа қарай ауыса бастайды. Повольже аймағы мен Каспийдің оңтүстігінен атмосфералық ағымдармен бірге циклондар жылжиды.  

Олар жауын-шашын мен қардың жаууына ықпал етеді. Алдымен республиканың батыс өңірлерінде, кейіннен оңтүстік аймақтарында кейінірек орталық және солтүстік аймақтарында көктайғақ болады.  

Ауа температурасы аздап төмендеп, соған қарамастан нормадан 2-7 градус жоғары болады, деп хабарлайды Қазгидромет.  

   

Хабарламаларға жазылу